ТМД елдері 8 және 9-мамырды халықаралық жады мен жарастық күндері деп жариялауды ұсынуда

Халықаралық жады мен жарастық күндері фашистік Германияны тізе бүктірудің 60 жылдық мерейтойына орайластырылуы тиіс. Хат авторларының айтуынша, дүниежүзілік екінші соғыстағы жеңіске әлемнің көптеген елдерінің күшімен қол жеткізіліп, халықаралық қоғамдастықтың тіптен біте қайнасуына түрткі болды. Соның нәтижесінде БҰҰ құрылды.

Қазір ТМД елдерінің басым бөлігінде 9-мамыр Жеңіс күні ретінде атап өтілуде.