Баяндамада айтылғанындай, былтырғы жылы Еуропалық экономикалық комиссия аумағында экономикалық өсім жылдамдығы 2006 (3,6%) жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,2% төмендеді. Алайда ТМД елдеріндегі экономика орта есеппен 8,4% көтерілді. Америка құрама штаттарында былтырғы жылдың соңғы тоқсанында басталған экономиканың төмендеу үрдісі биылғы жылы да сақталып, ол барлық аумақтарға және басқа мемлекеттерге де әсерін тигізеді.
"ЕЭА 56 мемлекет кіріп, былтыр олардың үлесіне ЖІӨ 53,5 % тиді. 1998 жылы бұл көрсеткіш жоғары болып 57,8% құраған. Биылғы жылы аумақтағы экономикалық өсім қарқыны 2,1 % дейін төмендейді деп күтілуді. Оның тежелуіне жылжымайтын мүлік бағаларының тым асырылуы, несиелендіру көлемінің тұрақсыз өсуі, инфляцияның көтерілуі, қаржы нарығындағы күрделі ахуал әсер етті ", - деп айтылған баяндамада.
"ТМД елдері соңғы уақытта әлемдік экономикада өзінің үлесін ұлғайтты. Олардың әлем өндірісіндегі жалпы көлемнің жиынтық үлесі 3,4% дан 4,5% өсті. Ресей Федерациясы бұл өсімнің жартысын қамтамасыз етті", - деп баяндайды баяндама авторлары.
БҰҰ мәліметтері бойынша өткен жылы ТМД елдері экономикасының өсімі орта есеппен 8,4% құрады. Ал Еуропалық Одақтың мүшелері болып табылмайтын Еуропаның Оңтүстік Шығыс мемлекеттердің көрсеткіштері төмен болып 5,3% құрады. Ал ЕО мүше мемлекеттердегі өсім көрсеткіші 6% жетті. ЕО 2004 жылға дейін кірген елдердің көрсеткіші - 2,7% ал Солтүстік Америка елдеріндегі өсім деңгейі- 2,2% болды.
Сарапшылар атап өткеніндей, былтырғы жылдың күзінен бастап АҚШ күрделі қаржы дағдарысын кешуде, тек үкімет пен орталық банктың батыл қадамдары арқасында және Еуропа елдерінің үкіметтері мен орталық банктерінің тигізген шағын үлесі арқылы тарихта қалатын аса ауыр дағдарысқа айналмады.
Баяндама БҰҰ әлеуметтік кеңесі мен экономикалық негізгі сессиясында қарастырылады. Сессия жұмысы БҰҰ Нью-Йорктегі штаб пәтерінде 30 маусымнан 25 шілде аралығында өткізіледі.