ТМД елдері аумағында жүк тасушы көлік құралдарын өлшеуге халықаралық сертификатты қолданысқа енгізу жөніндегі келісімге Шолпан-Атада қол қойылды

Бұл келісімнің жобасын ТМД елдері көлік үйлестіру кеңесі мен үкіметаралық жолшылар кеңесі ұсынған. ТМД экономикалық кеңесі құжатты 2003-жылдың 5-қыркүйегінде мақұлдады.

Келісім шекарадан өту процедурасын жеңілдету үшін берілетін көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын қолдану тәртібін реттейді. Құжат авторларының пікірінше, оны тәжірибе жүзінде қолдану халықаралық автокөлік тасымалымен жүк жеткізу мерзімін тездетіп , оларды шекара арқылы алып өтуді анағұрлым жеделдетеді.