ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің Душанбеде өткен отырысында сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімнің жобасы мақұлданды



Отырысқа еліміздің бас прокуроры Рашид Түсіпбеков басқарған ҚР бас прокуратурасының делегациясы қатысты.

Үйлестіру кеңесінің отырысында ТМД-ға қатысушы елдердің бас прокурорларының сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі келісімнің жобасы мақұлданды.

Ал Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің бас прокурорларының кезекті отырысында лаңкестікпен, экстремизммен, адам саудасымен, қару-жарақ, оқ-дәрі, есірткілік және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Бұған қоса қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетудің жеңілдетілген тәртіптері жөніндегі Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің бас прокурорлары арасындағы ҚР бас прокуратурасы жобасын жасаған келісімнің жобасы қаралды.

Сол күні отырысқа қатысушылар тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновпен кездесті.