ТМД елдері Біріккен ғарыштық зерттеулер институтын құруы мүмкін

Кеңес хаттамасында «Біріккен ғарыштық зерттеудер институты» халықаралық үкіметаралық ғылыми-зерттеу ұйымын құру туралы келісім жобасын дайындауды қарастырады, делінген агенттік сайтында орналасқан хабарламада.

Кеңеске қатысушылар ГЛОНАСС жүйесінің сигналдарын пайдаланатын жерүсті инфрақұрылымдарын интеграциялау қажеттігін атап көрсетті, төтенше жағдайларды ғарыштық мониторингтеудің аймақаралық жүйесі мен ТМД елдері мүддесінде спутниктік байланыстың аймақаралық жүйесін, сондай-ақ ТМД елдерінің ауылшаруашылық жерлерін спутниктік мониторингтеудің спутниктік жүйесін құру мәселесін талқылады.

ТМД елдерінің атқарушы билік органдары өкілдерінің ғарыштық саладағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі VI кеңесі 2015 жылы Минскіде өтеді.