ТМД елдері ІІМ министрлер кеңесінің отырысында қылмыспен бірлескен күрес бағдарламалары талқыланады



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ТМД елдері ІІМ министрлері кеңесінің отырысы Баку қаласында 6 - 7 қыркүйекте өтеді. "Күн тәртібінде ТМД елдерінің қылмыспен, есірткілік және психотроптық заттардың заңсыз айналымымен және лаңкестікпен күрес жөніндегі 2008-2010-жылдарға арналған бірлескен күрес бағдарламаларының жобаларын талқылау енгізілген", - деп хабарлайды мекеме.

Сонымен бірге талқыланатын басты тақырыптардың арасында заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған шаралар, қылмыспен күрес жөніндегі ақпараттармен алмасу жөніндегі келісім жобасы, ішкі істер органдарына арнап мамандар дайындау саласындағы ынтымақтастық, ТМД елдерінің ІІМ арасындағы ынтымақтастықты жолға қою және келісім-құқықтық базаны зерттеу нәтижелері де бар.