Сондай-ақ, ТМД елдері мәдени мұраны сақтау бағдарламасы бойынша Қазақстанның тәжірибесін пайдалануға шешім қабылдады. Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед атап өткеніндей, "бұл - әзірге ТМД аясында баламасы жоқ бірегей бағдарлама. Ол туралы бастаманы Қазақстан президенті сонау 2003 жылы халыққа арнаған жолдауында көтерген". "Үш жылдың ішінде мәдени інжу-маржандарды, артефактілер, мұрағат құжаттарын жинауда ұлығаусар жұмыстар тындырылды".
"Бұл бағдарламаға бүгінде көпшілігі қызығушылық танытуда. Хаттамаға біздің тәжірибені мақұлдаған жеке бөлім енгізілді. Біз мәдени ынтымақтастық жөніндегі кеңес шеңберінде осы бағдарламаны кеңейте түсуге біз қуана келісеміз", - деді М. Құл-Мұхаммед.