Жиында ТМД-ға қатысушы елдер арасында баспа өнімдері айырбасына қолайлы жағдайлар жасау туралы келісім мен ТМД елдері арасындағы гуманитарлық ынтымақтастық туралы келісімдердің жобасы қаралады деп күтілуде.
Сонымен бірге жиынға қатысушылар ТМД-ға қатысушы елдер арасындағы "Кітап өнері" атты бірінші халықаралық байқаудың қорытындысы мен Мәскеуде өтетін ХҮІІІ халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі аясында екінші байқауды өткізу тәртіптерін талқылайды.