Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыс күн тәртібінің жобасына әскери ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша 20 астам мәселе қамтылған. "Атап айтсақ, ТМД елдері қорғаныс мекемелерінің басшылары өз құзыретіне сәйкес ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың негізгі іс-шараларының жоспарының орындалу барысын, мемлекеттік әуе күштерінің авиациялық оқыс оқиғаларды тексеру саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасын, Достастыққа мүше елдердің 2005-2010 жылдарға арналған біріккен Әуеден қорғаныс жүйелерін дамытудың басты бағыттарының шараларын жүзеге асыру барысын және оларды 2009 жылы қаржыландыруға қатысты мәселелерді талқылайды ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.