ТМД елдері теле- және радиохабарларын тарату саласында өзара ынтымақтастық орнатпақшы

Хатта атап көрсетілгеніндей, отырыста Ұлы отан соғысында жеңіске жетудің 60 жылдық мерейтойы мен оған дайындық жұмыстары аясында теле- және радиохабарларын тарату саласында өзара ынтымақтастық орнату туралы Келісім мен "Шекарасыз жауынгерлік бауырластық", "Далалық жадынама поштасы" және "Жеңіс" атты халықаралық телевизиялық жобалар туралы Шешім жобалары қаралады. Өз кезегінде бұл құжаттар 2004-жылғы 15-қыркүйекте Астанада өтетін ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысының күн тәртібіне шығарылады.

Келісім жобасында қарастырылғанындай, Достастық елдерінің үкіметтері Ұлы жеңістің 60 жылдық мерейтойына арналған кино және телефильмдермен кең көлемді алмасуға, тараптардың ұлттық теле- және радиохабарларын тарату мен қайталап таратуына және мемлекетаралық "Мир" телерадиокомпаниясының хабарларын таратуға құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық барлық қолайлы жағдайларды жасауы тиіс.