"Бүгін біз әскери саладағы өзара іс-қимыл мәселелерінің сан саласын, бірінші кезекте, 2015 жылға дейінгі ТМД мемлекеттерінің әскери ынтымақтастығын дамыту бағытындағы мәселелерді қарастырдық", - деп атап көрсетті Ресей министрі.
Оның айтуынша, отырыста сондай-ақ 2009 жылға ТМД мемлекеттерінің Қорғаныс күштерін бірлесе отырып жедел дайындау шараларының жоспары бекітілді. "Оның ішінде "Әскери ынтымақтастық - 2009" атты әуе қорғанысы күштерінің бірлескен жаттығуларын өткізу қарастырылған", - деп хабарлады А. Сердюков.