ТМД елдерінде диабетпен ауыратындарға жедел медициналық көмек өзара шығынның өтемақысы талап етілместен көрсетіледі

Баспасөз қызметі хабарлағандай, құжат ауруды ерте анықтау және профилактика жасау шараларына бағытталған ұлттық заңнамаларды жетілдіруді, емдеудің жаңа әдістерін жасау және енгізу бойынша күш жігерді біріктіруді қарастырады.

"Отырыс барысында келісім жобасы негізінен мақұлданды және белгіленген тәртіппен ТМД елдері үкімет басшыларының кеңесінің талқылауына енгізіледі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын әрі қарай дамыту концепциясын жүзеге асыру бойынша негізгі шаралар жоспарына сәйкес құжат 2008 - 2009 жылдары қабылдануы тиіс.