"Біз бүгін ТМД қорғаныс министрлері кеңесінің отырысында бұл мәселені талқылап, медальдің түр-тұрпатын сипаттадық", - деді А. Сердюков. "Жуырда медальдің эскизі жасалады, біз концептуалды түрде оның қандай болатынын, қандай талаптар қойылатынын анықтадық", - деп атап өтті ол.
Ол хабарлағанындай, Қазақстан мемлекет басшысымен өткен кездесуде ТМД елдерінің қорғаныс министрлер кеңесінің жұмыс барысы талқыланды. "Біз кеңесте қандай мәселелердің талқыланып , қозғалғыны жөнінде айттық. Ол біздің жұмысымыздың жемісті болуына тілек білдірді", - деп хабарлады министр. "Біздің пікірімізше, бүгінгі кездесу конструктивтік сипатта өтті", - деп ойын қорытындылады А. Сердюков.