Caravan Logo

ТМД елдеріндегі жалпы жұмыссыздар саны 11 миллионнан артты

ТМД елдеріндегі жалпы жұмыссыздар саны 11 миллионнан артты

ТМД Мемлекетаралық статистикалық комитетінің ақпаратына сүйенсек, еңбекпен қамту қызметтерінде ресми тіркелген жұмыссыздар саны 2003-жылғы сәуір айындағы жағдаймен 3,4 миллион адамға жетті, соның ішінде Әзербайжанда - 52,3 мың, Арменияда - 127,7 мың, Беларусьте - 146,5 мың, Грузияда - 41,3 мың, Қазақстанда - 191,6 мың, Қырғызстанда - 61,3 мың, Молдовада - 33,4 мың, Ресейде - 1 млн. 633,3 мың, Тәжікстанда (наурыздың соңы) - 46,6 мың, Украинада - 1 млн. 107,3 мың адамды құрады.