ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясының басшысы Рушайло Қырғызстанға келеді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, В.Рушайло Қырғызстан Республикасының бірінші вице-премьері міндетін атқарушы Феликс Куловпен, Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Туйғунаалы Әбдірайымовпен кездеседі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қырғызстан президентінің сайлауына бақылау жасау жөніндегі ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясының штабы 2005-жылдың 6-маусымында іске кірісті. Миссия сайлау науқанына ұзақ және қысқа мерзімді негізде мониторинг жүргізеді. Дауыс беретін күні миссия өкілдері Қырғызстанның барлық өңірлерінде өз функциясын атқаратын болады. Қырғызстан президентінің сайлауы 10-шілдеге белгіленген.