Киевте өткен баспасөз мәслихатында ТМД елдерінің бақылаушылары миссиясының жетекшісі, ТМД атқарушы хатшысы Владимир Рушайлоның хабарлауынша, ТМД елдерінен келген бақылаушылар дауыс санау барысында қандайбір заңсыздықты әшкерелеген жоқ, делінген мәлімдемеде.
"Сайлау учаскелері жабылғаннан кейін ТМД елдерінен келген халықаралық бақылаушылар дауыс берушілердің дауысын санау барысын, учаскелік комиссиялардың дауыс беру қорытындысы жайлы хаттамалар толтыру барысын, мәлімететрді жоғарғы сатылы сайлау комиссиясына беру барысын қадағалады. Бұл істердің барлығында да заң бұзушылық тіркелген жоқ",- делінген мәлімдемеде.
Құжатта атап көрсетілгеніндей, сайлау барысында азаматтар жоғарғы белсенділік және мүдделілік танытты.
Дегенмен, кейбір сайлау комиссияларының жұмысында сайлауға дайындық және дауыс беру барысында жекелеген кемшіліктер, сондай-ақ, кейбір сайлауға қатысушы үміткерлердің өкілдері арасында сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары барысындағы қателіктер тіркелді. Алайда олар сайлаушылардың өз ерік-таңдауын еркін білдіруіне айтарлықтай әсер еткен жоқ.
Укринадағы президент сайлауының барысын ТМД елдерінен 600-ден астам бақылаушы қадағалады. Олар республиканың барлық 225 сайлау учаскесінде жұмыс істеді.
Ал Украинаның орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, сайлау комиссиялары хаттамаларының 94,2 процентін санау нәтижесінде президенттіктен негізгі үміткерлер Виктор Янукович пен Виктор Ющенко арасындағы дауыс алшақтығы 1 проценттің төңірегінде. Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, В.Янукович үшін сайлаушылардың 40,11 проценті, В.Ющенко үшін 39,16 проценті дауыс берді.