ТМД елдерінің "Достық-2008" атты бірлескен арнайы операциясының аясында Қырғызстанда 2 тонна есірткі тәркіленді

Ведомствоның хабарлауынша, операцияның басты мақсаты ТМД елдеріне Ауғанстан жағынан заңсыз содырлық құрылымдардың, лаңкестердің, есірткі заттарының енуінің жолын кесу, заңсыз миграцияға тосқауыл қою болған. "Достық-2008" Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан аумақтарында өткізілді.

Қырғызстандағы операция нәтижесінде мемлекеттік шекараны бұзған 154 адам қамауға алынып, 80 қару, 11 тонна тауарлық-материалдық құндылық, 1994 кг есірткі тәркіленіп, жалпы құны 11 мың АҚШ долларын құрайтын 8 контрабанда оқиғасы тіркеліп, 88 заңсыз мигрант анықталған.