"Ғылым, мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастық та Достықтықтың дүниежүзіндегі позициясының нығаюына септігін тигізеді", - делінген президенттің сәлем беру хатында.
Мемлекет басшысы "ТМД-ға қатысушы елдердің көп жақты ынтымақтастығында гуманитарлық саладағы ынтымақтастық аса маңызды бағыттардың біріне жатады", деп атап өтті. "Гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту қажеттігі, өзара түсіністік пен достықты нығайту біздің елдеріміздің экономикалық мүмкіндігі артқан сайын тіптен өзектілігі арта түсуде", - деді Н.Назарбаев. "Біздің арамыздағы мәдени, ғылыми және жай адами байланыстарымыздың тамыры тереңде жатыр, олар еліміз халықтарының бай дәстүрлері имен тәжірибесіне негізделеді", -деді ол.
"ТМД-ға қатысушы елдердің шығармашы және ғылыми зиялы қауым өкілдерінің II Форумын өткізу біздің мәдени-гуманитарлық, ғылыми және білім беру салаларындағы ынтымақтастығымызды дамытуға тың серпін беріп, Еуразия кеңістігіндегі интегарциялық процестерді пәрмендендіруге септігін тигізеді", -деп қорытты президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті