ТМД елдерінің ІІМ басшылары мекемелердің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жайын талқылады

Тәжікстан ІІМ-нің хабарлағанындай, кездесу барысында бұрындары қабылданған шешімдерді жүзеге асыру жайы мен мемлекеттік қорғаныс қызметінің ішкі істер органдарының қылмыспен күрес саласындағы басымдық берілген мақсаттарын шешуге атсалысу проблемалары талқыланды.

Мемлекеттік қорғаныс қызметі басшыларының кеңесі Душанбеде алғаш рет өткізіліп отыр. Оған Грузия, Әзербайжан, Армения, Молдова, Украина, Беларусь, Қазастан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.