ТМД елдерінің миграциялық органдарының кеңесі еңбеккер мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның жобасын бекітті

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, отырыстың он бес бөлімнен тұратын күн тәртібінде аталған құжатты қарау басты мәселенің бірі болды. Конвенцияның жобасын Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Украина, Тәжікстанның көші-қон органдарының басшылары мақұлдады. Әзербайжан қалыс қалды.