ТМД елдерінің өкілдері Оңтүстік Осетиядағы жағдайдың ушығуына алаңдаушылық білдірді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста төрағалық етуге сайланған О. Иванов жұмыс тобының атынан қақтығыстың тезірек шешілуіне үміт білдірді.

Грузин - осетин қақтығысы аймағындағы жағдай туралы ақпарат сондай-ақ, 5 тамызда Достастықтың жарғылық және басқа да органдарының жанындағы Достастыққа мүше мемлекеттердің тұрақты уәкілетті өкілдерінің кеңесінің отырысында Ресей Федерациясының өкілі тарапынан да жарияланды. ТМД елдерінің тұрақты өкілдері оны қаперлеріне алды, деп хабарлайды ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.