Ресей қорғаныс министрі Сергей Ивановтың төрағалық етуімен өтіп жатқан кеңесте сондай-ақ, министрлер кеңесінің 2003-жылғы жұмыс қорытындысы шығарылып, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары дәйектеледі.
Қорғаныс министрлігінен хабарлағанындай, Кеңесте бұған қоса ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әскери қызметкерлерін құқықтық тұрғыда тәрбиелеу туралы қазір жобаланып жатқан тұжырымдамасы мен ТМД елдері Қарулы Күштері әскери қызметкерлерінің зейнетақы қамтамасыздығына қатысты мәселе қаралады.
ТМД елдерінің қорғаныс министрлері Мәскеуде өзара ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерді талқылауда
