ТМД елдерінің сарапшы тобы Минск қаласында 2006-2008-жылдарға арналған заңсыз көші-қонмен күрес бағдарламасын талқылайды

Департаменттің түсініктемесіне сүйенсек, бағдарламаның басты мақсаты - өзара келісілген саясат жобасын жасап жүзеге асыру, халықаралық құқықтық базаны нығайту және оның аясын кеңейту, ұлттық заңнаманы халықаралық құқық нормалары мен принциптеріне сәйкестендіру болып табылады. Бағдарлама шеңберінде ТМД елдерінің мемлекеттік шекараларындағы шекаралық және миграциялық бақылауды жетілдіру, өзара келісілген мекемералық профилактикалық, шұғыл іздестіру және арнаулы шараларды жүзеге асыру көзделуде.

Отырыста сонымен бірге ТМД-ға қатысушы елдердің салық бойынша қылмыстармен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің жобасын талқылау жоспарланған. Департаменттегілердің айтуынша, бұл жоба салық саласындағы қылмыстардың бетін ашу, алдын алу және оларды тергеуге бағытталады.
Бұған қоса 26-27-қаңтардағы сарапшы топтың отырысында ТМД елдерінде мамандар дайындау, кәсіби біліктілікті шыңдау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы мен ТМД елдері аумағындағы қашықтан білім беру саласын дамыту тұжырымдамасының жобасы сарапқа салынады.
Ал 26-қаңтарда Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтеді.