ТМД елдерінің сарапшылары Достастық аясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының жобасын жалпы алғанда мақұлдады

Бұл құжаттар бұрындары қабылданған ТМД аясында ақпараттық кеңістік қалыптастыру тұжырымдамасы мен ақпарат саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты басқа да көп жақты құжаттарды дамыта отырып жасалған.

Тұжырымдама жобасы қоғам , мемлекет және жеке тұлғаның қорғалуы тиіс мүдделерін, аталмыш мүдделерге төніп тұрған және алдағы уақытта төнуі мүмкін қауіп-қатерлерді, сондай-ақ, Достастық аясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басты бағыттары, принциптері мен мақсат-міндеттер айқындалады.
Құжаттар ТМД-ға қатысушы елдер мен Достастықтың мүдделі мекемелерінің алдын-ала келісіміне ие болып, алынған ұсыныстар мен ескертпелер негізінде толықтырылған.
Сарапшы топтың отырысы барысында тұжырымдама жобасының ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді суреттеуге қатысты бөлімінен басқасы келісілді. Сарапшылар ТМД елдеріне бұл бөлімді нақтылауға қатысты ұсыныстар енгізу жөнінде өтініш жасады. Ұсыныстар 2004-жылдың желтоқсан айына белгіленген сарапшы топтың кезекті отырысында қаралуы тиіс.