ТМД елдерінің сарапшылары Минскде өтетін бас қосуда Достастық елдерінің лаңкестікпен күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын қарайды

Лаңкестікпен күрес саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасының жобасын Ресей әзірлесе, халықаралық лаңкестікпен күрес бағдарламасының жобасын ТМД антитеррорлық орталығы әзірлеп, оны Достастық елдерінің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтері жетекшілерінің кеңесі мақұлдаған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Астанада өткен ТМД саммитінде Достастық мемлекет басшылары халықаралық лаңкестікке, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнген басқа да қауіп-қатер түрлерімен күрес саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты сарапшы топ аталмыш құжаттарды желтоқсанның аяғына дейін дайындап бітіру үшін жұмысты пәрмендендіре түспекші,- деп хабарлайды ТМД Атқару комитеті.