Бүгін, 30-қыркүйекте ТМД елдері ішкі істер министрлерінің кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Ереванда өткізілген баспасөз мәслихатында РФ ІІМ Рашид Нургалиев: "оқу-жаттығуларға бірнеше елдің арнаулы бөлімшелері қатысады",- деп мәлімдеді.
Кеңестің жиыны туралы мәселеге тоқталған Р.Нургалиев "кеңестің ТМД аясындағы ең бір ықпалды атқарушы органның бірі екенін" атап өтті.
"Біздің елдер арасындағы ынтымақтастықтың тәжірибелік сипатқа көшкені қуантады. Нәтижесінде біз қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ортақ мақсаттарды бірлесіп іс жүзінде шеше бастадық",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті