ТМД елдерінің сыртқы істер министрлерінің кезекті отырысы қыркүйек айында Бішкекте өтеді

"Бұл отырыс ТМД саммиті қарсаңында 25 қыркүйекте өтеді. Оның да өтетін орны Қырғызстан астанасы. Мәскеуде аяқталған ТМД елдерінің сыртқы істер министрлерінің кеңесінде осындай шешім қабылданды. Онда төрағалық ету маған сеніп тапсырылды", - деп хабарлады дүйсенбі күні Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі Эднан Қарабаев.

Э. Қарабаев хабарлағандай, Мәскеуде өткен кездесудегі күн тәртібінің бірі ретінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету концепциясы жобасы, Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге дайындық барысы, ТМД елдерінде, оның ішінде ел-елдің ұлттық тілдерінде толық радио және телехабарлар таратуға көшу кезінде "Мир" ХТРК тиімділігін арттыру қарастырылды.

Э. Қарабаевтың айтуынша, тараптар сондай-ақ, Қырғызстанның 2010 жылы Бішкек қаласында "Бейбітшілікті күзетуші дипломатия" тақырыбына халықаралық конференция өткізу туралы ұсынысын мақұлдаған.