ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесі ардагерлердің жолақысына қатысты жеңілдіктер туралы келісімге енгізілетін түзетулерді қарайды

Отырысқа Беларусь, Ресей, Украина, Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова және Тәжікстан өкілдері қатысты. Талқылау барысында хаттаманың жаңа редакциясының жобасын сарапшылар негізінен мақұлдады.

Бұған қоса кездесу барысында сарапшылар Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, сондай-ақ, басқа мемлекеттірдің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар мен қаза тапқан жауынгерлердің отбасыларына берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара мойындау жөніндегі 1994-жылдың 15-сәуіріндегі келісімді одан әрі жүзеге асыру төңірегінде пікір алмасты. Атап айтсақ, келісімге қатысушы елдердің үкіметтеріне ағымдағы жылдың 1-желтоқсанына дейін аталмыш проблеманы шешуге қатысты өз ұсыныстарын ТМД Атқару комитетіне жолдау жөнінде өтініш жасауға шешім қабылданды.

Отырысқа қатысушылар ТМД экономикалық кеңесінен Киев қаласында 206-жылдың желтоқсан айында ТМД елдерінің көлік, қаржы, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау министрліктері мен мекемелерінің өкілдерін мідетті түрде қатыстыра отырып мемлекетаралық жұмыс тобының кезекті отырыысн өткізуді сұрау жөнінде шешім қабылданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті