ТМД ІІМ басшылары биометриялық жүйені қолданысқа енгізуді мақұлдады

А.Каххаровтың айтуынша, саусақ таңбасы секілді биометриялық көрсеткішті пайдалану заңсыз мигранттар мен оперативтік тұрғыда қызығушылық тудыратын адамдарды бес секунд ішінде анықтауға мүмкіндік береді. Оның айтуынша, бұл ұсынысты бекіту үшін Кеңес оны ТМД мемлекет басшыларының қарауына ұсынбақшы.

Жалпы алғанда ТМД ІІМ-нің кеңесі кезекті бас қосуда лаңкестікпен күрес жөніндегі 2005-жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарда Достастық аясында лаңкестік пен экстремизмнің бүкіл таралу көздерін қамтитын антитеррорлық іс-қызмет аясында бірлескен шұғыл шараларды жүзеге асыру қарастырылған.