ТМД кеңістігіндегі қақтығыстар нөмірі бірінші проблема болып қалып отыр - Әзербайжанның қорғаныс министрі

"Әзербайжан аумағының 20 пайызы оккупацияланған Кавказ қақтығысы немесе армян-әзербайжан қақтығысына қатысы бар екені белгілі. Біз де бұл мәселені көтеріп отырмыз. Алайда, бұл мәселелер әлі күнге шешімін таппай келеді", - деп мәлімдеді Әзербайжанның қорғаныс министрі. С. Абиев ТМД елдерінің Қорғаныс министрлерінің кеңесінің мүшелері Әзербайжандағы қақтығыс бойынша үзілді-кесілді пікір айтпай отырғанына өкініш білдірді.

"Бұл, әрине, ТМД елдерінің қатынастарында үлкен сызат болады", - деп толықтырды ол. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ТМД елдерінде қалыптасқан жағдай соншалықты жақсы емес.