Жаңа төраға сайлау мәселесі Ресейдің ТМД мемлекет басшыларының кеңесіне төрағалық жасау мерзімі аяқталуға байланысты талқыға салынбақ.
Атқару комитетінің еске салғанындай, жарғыға сәйкес ТМД органдарына төрағалық жасауды Достастыққа қатысушы әрбір мемлекет алфавиттік алмастыру принципіне сәйкес өз өкілі арқылы бір жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырады. Алайда іс жүзінде бұл принцип сирек сақталады, дейді Атқару комитетіндегілер.
"Шын мәнінде, мемлекет басшылары қандайбір елді ұсынады. Бәрі келіскен жағдайда сол мемлекет төрағалыққа сайланады",- деп хабарлайды ТМД Атқару комитеті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің 2004-жылғы 16-қыркүйектегі шешімімен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің төрағасы болып РФ президенті Владимир Путин бекітілген. Бұған дейін сол тұстағы Украина президенті Леонид Кучма кеңеске төрағалық жасады.