Күннің алғашқы жартысында Қазақстан президентін премьер-министр Кәрім Мәсімов, сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, үшінші шақырылымдағы мәжілістің спикері Орал Мұхамеджанов, мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, президент әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков және президент әкімшілігінің басқа да қызметкерлері құттықтап шықты.
Астана күні Мемлекет басшысы қаланың жаңа нысандары - аэропорттан қалаға өтетін жолдағы автомобиль жолайрығындағы "Астана жұлдызы" монументін және сол жағалауда орналасқан жаңа субұрқақтарды қарап шығады деп күтілуде.
Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласы әкімінің Астана күніне орай ұйымдастырылған салтанатты қабылдауында болып, "Астана.KZ" атты танымал әндердің халықаралық фестиваліне қатысады. Мерекелік іс-шараларға сонымен қатар Қазақстнда жұмыс сапарымен жүрген Хорватия президенті Стьепан Месич те қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті