ТМД мемлекет басшылары Қазақстан президентін туған күнімен құттықтады

Ал Украина президенті Леонид Кучмамен болған телефон сұхбатында ол украин халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен жақсылықтар тіледі,- делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Сондай-ақ, Түрікменстан президенті Сапармұрат Ниязов та Елбасын туған күнімен құттықтады.

Сұхбаттасушылар екі жақты ынтымақтастыққа, биылғы күзде Астанада өтетін ТМД елдері мемлекет басшыларының саммитіне қатысты бірқатар мәселелерді сарапқа салды.