ТМД мемлекет басшылары ТМД елдерінің 2020 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясын мақұлдамады

Мемлекет басшылары құжатты толықтыру қажет деп санайды. "Құжат ағымдағы жылдың қарашасына дейін дайын болады деп күтілуде. Стратегия Кишиневте өтетін Достастық үкімет басшылары кеңесінің талқылауына шығарылады",- деді ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев.

Сондай-ақ, отырыстың күн тәртібі мен оның талқылану реті бекітілді.

Мемлекет басшылары сонымен бірге ТМД мемлекет басшылары кеңесінің келесі отырысын 2009 жылдың 9 қазанында өткізетін болып шешті. Оған Ресей мен Қырғызстан тең төрағалық жасайды. Келесі жылы Достастыққа Молдова төрағалық жасайтын болды.

Түстен кейін ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон төрағалық жасайды. ЕурАзЭҚ-қа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан мүше.