ТМД Мемлекет басшыларының келесі отырысы 2015 жылдың 4-ші тоқсанында өтеді

Бұл туралы бүгін Минскіде өтіп жатқан ТМД мемлекет басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті. 

«Сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытып, еркін сауда аймағына қатысты жұмыстарды одан ары жалғастыра беретін боламыз. Бұл - дұрыс», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Сонымен қатар, Елбасы ТМД-ға мүше мемлекеттердің транзиттік-көліктік, агроөнеркәсіп кешені, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріндегі ынтымақтастығын дамыту қажеттігін атап өтті.

«Біздің төрағалығымыз осы және қауіпсіздік, гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін қамтитын болады. Меніңше біз сіздермен ақылдаса отырып, теңгерімді жұмыс істейміз. Егер, сіздер шешім қабылдайтын болсаңыздар, келесі отырысты біз 2015 жылдың 4-ші тоқсанына белгілейміз. Нақты мерзімін біздің Сыртқы істер министрліктеріміз өзара келісетін болады», - деді Мемлекет басшысы.