ТМД өкілдері Минск қаласында дәрі-дәрмектің "көлеңкелі рыногымен" күрес шараларын тағы бір пысықтайды

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, дәрі-дәрмектің "көлеңкелі рыногымен" күрес саласы бойынша ТМД-ға қатысушы елдердің өзара ынтымақтастығын реттейтін осындай келісімді қабылдауға аталмыш елдерде айналымда жүрген жасанды дәрі-дәрмектер санының арта түсуі себепкер. Сарапшылардың бағалауынша, фармацевтика нарығындағы жасанды дәрі-дәрмектердің үлесі 10-30 процентті (300-400 млн. доллар) құрап, дәрі-дәрмектің "көлеңкелі рыногы" өркендеп тұр.

Келісімнің жобасы Ресей мен Украинаның бастамасы бойынша жасалды. Жоба авторларының пікірінше, бұл құжат Достастық елдерінің халқы мен профилактикалық-емдеу мекемелерін тиімді, қауіпсіз әрі сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету проблемасын шешу саласындағы ықпалдастығын тереңдетуге және аясын кеңейтуге түрткі болады.
Келісімнің жобасы сарапшы топтың бұған дейінгі отырысында келісілген. Оған ТМД елдерінің өкілетті уәкілдері қатысты. Алайда, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сынды бірқатар елдер келісімге қатысты өз ұсыныстары мен ескертулерін жолдауға байланысты жобаны қосымша келісу үшін сарапшы топтың тағы бір отырысын өткізуге тура келді, дейді ТМД Атқрау комитетіндегілер.