"ТМД жөнінде әсіре пессимизмге, немесе әсіре оптимизмге бой алдыруға болмайды", - деді М. Тәжин.
Оның айтуынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұжырымдаған Қазақстанның ұстанымы бүгінде ТМД-дан Еуропалық Одақ секілді интеграциялық құрылымға айналады деп күту қиын дегенге саяды.
"ТМД Еуропалық Одақ секілді құрылымға айналады деп күту аңқаулыққа жатар еді. Дейтұрғанмен, Қазақстан басшысы басқа елдердің жетекшілеріне дәйектей ұсынған бірқатар тақырыптар бар. Бұлар барлық елдер үшін абсолютті консенсустық сипатта", -деді министр.
Оның айтуынша, бірінші тақырып көші-қонға қатысты. ТМД аумағында түрлі есептерге сәйкес 10 - 12 млн дейін еңбек мигранттары бар, олар түрлі себептерге байланысты бір өңірден екіншісіне көшіп жүр. Барлық ТМД елдері көші-қон үрдістерін сауатты әрі өркениетті тәсілмен реттеуден мүдделі.
М. Тәжиннің айтуынша, екінші мәселе транспорттық коммуникацияларға байланысты. "Бүгінде барлық ТМД елдері үлкен Шығыс пен үлкен Батыстың арасындағы үлкен транзиттік жолда орналасып отыр. Болашақта коммуникациялық транзит осы кеңістіктің аса маңызды даму факторына айналатыны сөзсіз. ТМД кеңістігіндегі осы транспорттық -логистикалық схемалар саяси бағыт-бағдарға қарамастан, интеграциялық процесстер арқа сүйейтін күрделі іргетасқа айналады", - деді министр.
Бұған қоса министр ТМД аясындағы ғылым және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты атады. "Саяси сипаттан тыс, таза прагматикалық есеппен ғылым және білім беру салаларындағы интеграциялық жобалармен айналысуға мүмкіндік пен сұраныс бар", -деді М. Тәжин.
Оның айтуынша, үшінші мәселе - гуманитарлық байланыстар мәселесі. Ал соңғысы - трансшекаралық қылмыспен, есірткі тасымалымен, экстремизммен және терроризммен күрес. БҰЛ ТМД аумағындағы нақты жұмыс істеп жатқан механизмдердің бірі", - деді ҚР СІМ.