ТМД Парламентаралық ассамблеясы экологиялық қауіпсіздік саласындағы бірқатар маңызды құжаттарды қабылдады

«Парламентарийлер пленарлық отырыс кезінде Достастықта халықаралық экологиялық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруда құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін сөз етті, ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ұйымдасқан ақпараттық жүйені қалыптастыру бойынша биоқауіпсіздіктен қорғау мемлекетаралық келісім жобасы мен агробиоалуандықты сақтау конвенциясының жобасын мақұлдады», - деп хабарлады ТМД Парламентаралық ассамблеясының баспасөз қызметінен.

ТМД Парламентаралық ассамблеясының мүшелері сонымен бірге, автокөлік транспортының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы, халық пен қоршаған ортаны шудан, инфрадыбыстық, ультрадыбыстық, вибрациялық ықпал ету және экологиялық аудит туралы заңдарды қабылдады.