ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі Қазақстанда өткен сайлаудың ұйымдастырылуына жоғары баға берді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазанның 30-ы күні Санкт-Петербург қаласындағы Таврический сарайында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің отырысы болып өтті. Бұл отырыста ТМД ПАА мүше-мемлекеттердің парламенттік делегацияларының жетекшілері бас қосты. Қазақстан атынан парламент мәжілісінің төрағасы Аслан Мусин қатысты.

Отырысқа қатысушылар ТМД ПАА-ның жұмысына қатысты бірқатар мәселелерді талқыға салды. Атап айтқанда, ТМД мемлекет басшылары Кеңесінің шешімін іске асыруға қатысты 2007 жылғы 5 қазанда Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында қабылданған мәселелер қаралды.

Содан кейін аталған Кеңестің мүшелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Украинаның Жоғарғы Радасының сайлауларына бақылаушылық жасаған ТМД ПАА өкілдерінің нәтижелерімен танысты. Сондай-ақ қырғыз азаматтарының референдум өткізу арқылы "Қырғызстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы туралы" және "Қырғызстан Республикасындағы сайлау туралы Қырғыз Республикасы Кодексінің жаңа редакциясы туралы" заң жобалары жөнінде сөз болды.

Сонымен бірге отырыста Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының модельдік заң шығармашылық және ұлттық заңдарын жақындатуды көздейтін 2005-2010 жылдарға арналған перспективалық жоспарына өзгерістер енгізу туралы ТМД ПАА-ның тұрақты комиссиясының ұсыныстары қаралды. Сол секілді ТМД-ға мүше-мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының 2008 жылға арналған жұмыс жоспары жөнінде тұрақты комиссиясының ұсынысы тыңдалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті