ТМД қорғаныс мекемелерніің өкілдері Мәскеуде әуеден қорғаныс мәселелерін талқылайды

Радиолокациялық біртұтас тану жүйесі Достастыққа мүше-елдердің авиациялық ұшырылымдатының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шекара бұзушылардың әуе кеңістігіне бақылаусыз өтіп кетуіне жол бермеумен бірге иеліктегі ұшу аппараттарын байқаусызда атып түсіруге мүмкіндік бермейді.

Төрт күнге созылатын кеңес жоспарына аталмыш саладағы үкіметаралық келісімдерді жүзеге асыруға қатысты біртұтас көзқарас қалыптастыру бағытындағы мәселелер енгізілген.
Кеңеске Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Украинаның қорғаныс мекемелерінің өкілдері қатысады.