ТМД саммитіне қатысушылары Достастықты реформалау туралы шешім қабылдады

"Бүгінгі саммит ТМД болашағын бүге шүгесіне дейін қарауға мүмкіндік берді. Мәжілістің күн тәртібінде , әдеттегідей , маңызды мәселелер аз болған жоқ, алайда, мен төраға ретінде өз құқығымды пайдаланып, ТМД-ны реформалау туралы мәселені соңына дейін қарастыруды ұсындым",-деді президент. " ТМД ықпалын күшейтіп, біздің ынтымақтастығымызға жаңа екпін, тың серпін беру қажет деген ортақ пікірге келдік.Қазақстан реформалау процессіне байланысты өз ойын ұсынды. Талқылау нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданды",-деді

Н.Назарбаев.

Президент баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына қарағанда, ТМД сыртқы істер министрлері кеңесінің саммит қортындысы бойынша 2007 жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде Достастық мемлекеттерінің ұсыныстары мен баяндамалары негізінде ТМД қызметін жетілдіру тұжырымдамасын дайындау үшін мемлекетаралық жұмыс тобын құру тапсырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті