"Бірлескен фильм өндірісі кинематографияның дамуына, экономикалық және мәдени байланыстарды нығайтуға қосар үлесін ескере келе құжат ТМД елдерінің аудиовизуалдық саладағы ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесуге арналған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Келісім жобасы өз аумағына көркемдік-өндірістік қызметкерлердің кіруі мен шығуы кезінде, бірлескен фильмді түсіру үшін қажетті құралдар мен материалдарды кіргізу мен шығаруда жәрдемдесуді қарастырады. Мұндай фильмдер тараптардың заңдарында қарастырылғаннан басқа жағдайларда ешқандай шектеусіз таратылатын және пайдаланылатын болады.
Сонымен қатар, келісімде бірлесіп шығарылған фильмдердің "ұлттық" мәртебені алу тәртібі мен шарты баяндалған. Бұл жағдайда оған заңда қарастырылған мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері таратылатын болады. Мұндай мәртебені беру туралы шешімді әрбір жеке жағдайда тараптардың құзіретті органдары қабылдайтын болады. Алайда ол мемлекетке фильмді өз аумағында көрсету рұқсатын беруге міндеттемейді.
Құжат күшіне енгеннен кейін оның ережелерін бөлісетін басқа да елдердің оған кіруіне ашық болады.
Сарапшылар тобының шешім бойынша бірлескен фильм өндірісі туралы келісім жобасы ТМД елдерінің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында талқылауға шығарылады.