Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Келісім жобасы қару-жарақтың заңсыз айналымына байланысты қылмыстырдың алдын алу және оларды ашу, қалыптасқан жағдайға сараптама жасау, онымен күрестегі бірлескен стратегия жасап шығару және құзырлы органдардың өзара іс-қимылдарының механизмін үйлестіру және жетілдіру бойынша ТМД мемлекеттерінің ынтымақтастығы қарастырылған. Сонымен қатар, халықаралық қылмыстық топтар, олардың жетекшілері және заңсыз қару-жарақ айналымына қатысы бар тұлғалар туралы бірлескен мәліметтер банкін құру жоспарланып отыр.
"Осы тапсырмаларды іске асыру үшін ТМД елдері дайындалу үстіндегі немесе жүзеге асырылған қылмыстар және оның алдын алу әдістері, қаруды заңсыз өндіру орындары және оны өзгертудің жаңа әдістері туралы ақпаратпен алмасып отыруды көздеп отыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, бірлескен жедел іздестіру және профилактикалық шаралар жүргізу, кадрларды дайындау мен олардың біліктілігін арттыруда ынтымақтасу жоспарланып отыр. Қару-жарақ пен жарылғыш заттардың заңсыз айналымымен күрес ісіндегі ТМД елдері үкіметтерінің ынтымақтастығы туралы келісім өзге де мемлекеттердің қосылуына есігі әрқашан да ашық.