ТМД сарапшылары қару-жарақтың заңсыз айналымымен күрестегі ынтымақтастық жөніндегі келісім жобасымен келісті

Отырысқа төрағалық еткен РФ Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдерінің Бірінші департаментінің директорының орынбасары Сергей Третьяков атап көрсеткендей, ТМД елдеріндегі лаңкестік актілердің барлығы дерлік заңсыз айналымда жүрген қару-жарақ пен жарылғыш заттарды пайдалану арқылы іске асырылады.

Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, құжат сонымен қатар, қару-жарақтың заңсыз айналымына қатысы бар ұлтаралық қылмыстық топтар, олардың көшбасшылары мен мүшелері жайлы мәліметтер банкін құруды қарастырады.

Келісім жобасын ТМД елдерінің Үкімет басшыларының кеңесінің кезекті отырысының қарауына бекітілген тәртіппен енгізуге шешім шығарылды.