"Біз арнайы шекаралық іс-шараларды жүргізу аймағын үнемі кеңейтіп отырамыз, және бүгінде біз ТМД ішіндегі құрылымдармен ғана емес, алыс шетелдермен де ынтымақтастық байланысын орнатудамыз",- деді А. Манилов. Атап айтқанда, оның айтуынша, "қазір ЕО-тың Шекаралық мәселелер жөніндегі ФРОНТЕКС агенттігі мен Шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесінің арасындағы келісімге қол қою дайындық сатысында тұр".
"Біз олармен өзара ықпалдастық туралы келісімге қол қоямыз және де ТМД аумағында іс-шараларды Еуропалық Одақтағы әріптестерімізбен бірге жүргізетін боламыз, ал бұл қосымша 27 елмен ынтымақтасу болып табылады",- деп жалғастырды өз сөзін ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, Шекара әскерлерінің қолбасшылары кеңесі мен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының арасындағы өзара ықпалдастық туралы хаттамаға қол қоюға дайындық сатысында. "Яғни Орталық Азия аймағына байланысты мәселелерді шешуге сондай-ақ Қытай да қатысатын болады",- деп нақтылап өтті А. Манилов.
"ШЫҰ хаттамаға және ФРОНТЕКС-пен арадағы келісімге қол қою осы жылдың аяғына дейін жоспарланған",- деп қорытындылады ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті