Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, вице-президент Ермек Қизатов бастаған "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының делегациясы қатысқан отырыста 2007 жыл мен 2008 жылдың алғашқы төрт айының желінің пайдалану жұмыс қорытындысы шығарылды. Отырысқа қатысушылар 2007 жылы жүк тасымалы көлемінің тұрақты өсу көлемін атап көрсетті. ТМД елдері арасында ең жоғарғы өсімге қол жеткізгендер Өзбекстан (+ 17%), Белоруссия (+ 6,1%), Украина (+ 4,2%), Қазақстан (+3,7%) мен Ресей (+2,5%).
Ағымдағы жылы тасымал өсімінің жоғарғы қарқынын көптеген темір жолдар күтіп отыр. Оның ішінде Қазақстан да бар (+10,2%).
Кеңес шешімімен 2008-2009 жылдарға арналған пойыздардың қозғалыс кестесі, жүк пойыздарын қалыптастыру жоспары, контейнерлі вагондардың халықаралық қатынастағы вагон ағынының бағытының тәртібі бекітілді. Кестеге Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Латвия, Литва, Әзербайжан мен Қырғызстанның темір жолдарында қалыптасқан 20-дан астам жүк пойыздары қосылды. 300 жүк пойызы тәулік сайын халықаралық қатынастарда жылжитын болады.
Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан мен Латвияның темір жол әкімшіліктері аса жоғарғы салмақ пен ұзындықтағы жүк пойыздарын өткізудің арнайы кестесін жасады.
Отырыста контейнерлер санағының қорытындысы жасалды, халықаралық қатынастағы тасымал процесін ұйымдастырудағы жетілдіру шаралары бекітілді, Қауіпті жүк тасымалының ережесіне өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, темір жолдар арасындағы 2007 жылғы өзара есептесу қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ, Украинада өтетін кеңестің 49-отырысының күн тәртібі қаралды.