Отырыс барысында 7 түрлі мәселе талқыланады. Ал 20-дан астам құжаттардың жобасы қол қоюға талқылаусыз ұсынылмақ.
Достастық елдері арасындағы сауда-саттыққа қойылған шектеулерді сатылы түрде алып тастау туралы хаттамаға қол қою көзделген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жерде 1994-жылдың 15-сәуірінде қол қойылған еркін сауда-саттық аймағын құру туралы келісімге сәйкес өзара саудадағы тарифтік және тарифтік емес шектеулерді алып тастау туралы әңгіме болып отыр.
Сонымен бірге тауар мен қызмет түрлерін ТМД-ға қатысушы елдердің ұлттық рыноктарына шығару үшін ақпараттық- маркетингтік орталықтар желісін құру жөніндегі 2005-жылға дейінгі мемлекетаралық бағдарламаны жүзеге асыру мерзімін ұзартуға қатысты құжатқа қол қойылады. Бағдарламаның басты мақсаты - ТМД-ға қатысушы елдердегі сыртқы экономикалық және кәсіпкерлік іс-қызметке ақпараттық қолдау көрсету үшін ақпараттық- маркетингтік орталықтардың мемлекетаралық желісін құруға саяды. Бұл желі әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мен өндірістік және ғылыми-техникалық байланыстарды жетілдіруге түрткі болмақ.
Отырыста Достастық елдерінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы 2006-2008-жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы туралы шешімнің жобасы талқыланады.
Үкімет басшылары ТМД-ға қатысушы елдердің аумағына қатынайтын үшінші елдердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алудың біртұтас жүйесі туралы ережеге қол қояды деп күтілуде. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл тәртіптер есепке алудың біртұтас жүйесін құру принциптері, мақсаттары, міндеттері мен негіздері, біртұтас жүйенің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық және ғылыми қамтамасыздығы, материалдық-техникалық және маман қамтамасыздығы туралы мәселелерді айқындап береді.
Бұған қоса үкімет басшылары ТМД-ға қатысушы елдердің автокөлік құралдарын тонау қылмысымен күрес және ондай көліктерді кері қайтару саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге, есірткілік және психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін өзара алмасу тәртіптері туралы келісімге, ТМД елдеріндегі жарылғыш заттар, оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды таңбалаудың біртұтас ақпараттық жүйесі туралы тұжырымдамаға қол қояды.
Сонымен бірге отырыстың күн тәртібінде Достастыққа қатысушы елдердің салық саласындағы қылмыстармен күрес бойынша ынтымақтастығы туралы келісім, ТМД елдерінің еңбеккер-мигранттары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәребесі туралы конвенцияға қатысты шешімнің жобасы, денешынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастық туралы келісім құжаттары талқыланады.
Үкімет басшылары сондай-ақ осы жолғы отырыста ТМД-ға қатысушы елдер аясында Чернобыль АЭС-дағы апаттың 20 жылдығына байланысты жүзеге асырылатын бірлескен шаралардың жоспарын саралайды.