ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті жиыны Мәскеуде өтеді

ТМД үкімет басшылары кеңесінің қазіргі төрағасы, Молдавия үкімет басшысы Василий Тарлев РФ үкімет басшысы Михаил Фрадковтың пікірімен келісті. Ол ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті жиыны ТМД мемлекет басшыларының бас қосуынан кейін өтуге тиіс деген пікір білдірген. Ал ТМД саммиті 26-тамызда Қазан қаласында өтуге тиіс.

"ТМД елдерінің мемлекет басшылары алға қоятын принциптік мақсаттарды жүзеге асыра бастау үшін біздің кеңесті саммиттен кейін өткізген жөн",- деді М.Фрадков. Оның айтуынша, ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті жиыны Мәскеуде өтеді. Василий Тарлев үкімет басшылары кеңесінің кезекті жиынын өткізу мерзімі қосымша келісіледі деп мәлімдеді.
Бүгінгі отырыс барысында РФ үкімет басшысы Михаил Фрадков ТМД үкімет басшылары кеңесінің төрағасы болып сайланды.
Белгіленген тәртіпке сәйкес, үкімет басшылары кеңесінің төрағасы орыс алфавитінің негізінде ауысып отырады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, М.Фрадковқа дейін ТМД үкімет басшылары кеңесін Молдавия үкімет басшысы Василий Тарлев басқарды.