ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысында бірнеше құжатқа қол қойылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Отырыс барысында Қоғамдық денсаулық сақтау саласында санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және ден қою жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы, ТМД-ға мүше мемлекеттердің ғылыми-техникалық әрі технологиялық ынтымақтастығы тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы, ТМД елдерінің химиялық кешен салаларын цифрлық түрлендіру тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары туралы құжаттар бекітілді.

Бұдан бөлек, 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған ТМД-ға мүше мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық бағдарламасына заңды және жеке тұлғалардың аккредиттеу тәртібі, сондай-ақ гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы 2023-2024 жылдарға арналған басым іс-шаралар жоспары мақұлданды.

Мұнымен қоса, ТМД органдары мен жекелеген іс-шараларды қаржыландыруға қатысты қаржылық-бюджеттік мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.


Бұдан бұрын хабарланғандай, ТМД елдерінің ойындары 2023 жылы Беларусь Республикасында ұйымдастырылмақ.

ТМД Үкімет басшылары кеңесінің келесі отырысы Сочиде өтеді