ТМД үкімет басшыларының кеңесі азық-түлік қауіпсіздігін арттыру бойынша бірлескен шаралар кешенін дайындау мәселесін қарастырады

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Үкімет басшыларының кеңесінің талқылауына 21 мәселені шығару көзделіп отыр. саммиттің өзекті тақырыптарының бірі азық-түлік қауіпсіздігі болмақ.

"Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТМД-ның агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі Үкіметаралық кеңес жанынан Достастыққа мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін күшейту бойынша бірлескен шаралар кешенін дайындайтын жұмыс тобы құрылды. ТМД елдерінің агроөнеркәсіп кешенінің жағдайын сараптамадан өткізу негізінде жұмыс тобы Бүкілресейлік ауыл шаруашылығының экономикасы ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып Бірлескен шараар кешенінің жобасы жасап шығарылды. Құжат ТМД Агроөнеркәсіп мәселелері жөніндегі кеңес тарапынан мақұлданды және белгіленген тәртіппен Экономикалық кеңестің қарауына енгізілетін болады", - деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Бұл тақырып дүниежүзілік азық-түлік ресурстарының жетіспеушілігі сезілген ХХ ғасырдың 70-жылдарынан бері әлемдік қоғамдастықтың назарын аударып келеді. Азық-түлік қауіпсіздігінің проблемасы жаһандық сипатқа ие: тамақ өнімдерін өндіру, бөлу және саудалау қай мемлекет болмасын, оның халқы аштықтан, тойып тамақ жемеуден немесе сапасыз тамақ өнімдерінен зардап шеге ме немесе азық-түлік тауарларымен жетілікті деңгейде қамтамасыз етілген бе дегенге қарамастан әрбір мемлекетті толғандырады.